Хабиб Конор жайлы: «Ол өз сөзіне жауап беру дегенді білмейді»

UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедов Конор Макгрегордың әрекеттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.ru.

«Ол 2016 жылдан бері түк те ұтпады. Үш жыл өтті. Конор егер осылай ешнәрсе ұтпай және спорт көрсеткіштеріне сай үндемей жүрсе, оны барлығы ұмытып кетер еді. Ирландиялық жай ғана ел аузында жүргісі келеді. Мен мұндайды бірден ұғамын.

Макгрегор мүлдем басқа тұрмыста өсті. Олар бірнәрсе айтса, сол сөзге жауап беру керек дегенді білмейді. Ал біз үшін бұл – өмір заңы.

Конорды он жыл бұрын ешкім көрмейтін жерде ұстап алып, жағдайды шешіп тастамағаныма өкінемін. Әттең, қолымда болса, сол кезде-ақ оны өшіріп тастар едім», – деді Хабиб.