Манчестердегі драма: «Тоттенхэм» жартылайфиналға жолдама алды

Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні чемпиондар Лигасының кезекті ширек финалдық матчтары өтті. 

 

Алғашқы ойында жеңіске жеткен «Тоттенхэм» «Манчестер Ситиге» қарсы жауапты ойында 4:3 есебімен ұтылды. Дегенмен, сырт алаңдағы көбірек соғылған голдардың саны бойынша Маурисио Почеттино шәкірттегі келесі кезеңге жолдама алды.00

Қатар өткен матчта «Порту» «Драгауда» «Ливерпульден» айласын асыра алмады. Эдер Милитаоның голына мерсисаидтықтар Садио Мане, Мұхамед Салах, Роберто Фирмино мен Вирджил ван Дейктің дәл соққыларымен жауап берді.

Сонымен, жартылайфиналда «Тоттенхэм» «Аякспен» кездеседі, ал «Барселона» «Ливерпульдің» қарсыласы атанады.