Ван Дейк:  Стерлинг АПЛ-дің үздік ойыншысы

«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил Ван Дейк Ағылшын премьер лигасының үздік ойыншысын таңдауда «Манчестер Сити»жартылайқорғаушысы Рахим Стерлингке дауыс бергенін айтты.

«Мен Рахим Стерлингке дауыс бердім. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені ол мұндайға еңбек сіңірді. Рахим фантастикалық маусым өткізді. Менің ойымша ол үздік бола түскен секілді. Енді көреміз, атақты ұтып алады ма екен. Одан басқа Бернардо Силваға дауыс беруге болар еді. Болмаса тағы екі «Сити» ойыншыларына да таңдауды жасауға болады», — дейді голландиялық қорғаушы. FourFourTwo.

 Англия чемпионатының 28 матчында Стерлинг 15 гол және 12 нәтижелі пас берді. Оның еншісінде тағы екі сары қағаз да бар.

«Ливерпуль»  82 ұпаймен АПЛ кестесінде көш бастап тұр. «Манчестер Ситиде» — 80 ұпай. Бірақ олар бір ойынға кем өткізген.