«Ролан Гарростың» сыйақы мөлшері 8 пайызға өсті

Франция ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсеткендерге тағайындалған сыйақы мөлшері белгілі болды. Жалпы бұл көрсеткіш 8 пайызға артты.

Алдағы жарыстың жеңімпазы 2,62 млн доллар еншілемек. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 150 мыңға көп. Бір қызығы, алғашқы кезеңде жеңіліс тапқан теннисшілер өздеріндегі банк есепшотын 52 мың долларға көбейтпек, бұл былтырғы маусымға қарағанда 201 пайызға артық. Естеріңізге сала кетейік, турнирдегі ерлер және әйелдер сайысындағы сыйақы қоры бірдей.

Жұптық бағанда бақтарын сынайтындар 650 мың доллардан артық табыс табады. Ал микстағы чемпиондардың әрқайсысы 137 мың долларды қанағат тұтпақ.

Франция ашық біріншілігі 26 мамыр және 9-шы маусым аралығында өтеді. Турнир чемпионы деген атақ әзірге испаниялық Рафаэль Надальдың және Румыния елінің спортшысы Симона Халептің еншісінде.