Моуринью келесі маусымда қайтадан жұмысқа оралғысы келеді

«Реал» мен «Манчестер Юнайтед» командаларының бұрынғы бапкері Жозе Моуринью келесі маусымда бапкерлік мансабын жалғастырғысы келетіндігін айтты.

«Ешқандай команданы жаттықтырмадым деп налып жүрген жоқпын. Есесіне басқа да істеріме көңіл бөлетін уақыттарым пайда болды. Дегенімен, келесі маусымда қайтадан бапкерлік жұмысқа оралсам деймін. Бірақ ол үшін мен бірінші ретте өзімді қызықтыратын клуб пен лиганы табуым керек.

Фернанду Сантуш еш алаңдамасын. Мен оның Португалия құрамасындағы жұмысына үміткер емеспін. Ол менің өте жақсы жолдасым. Ия, сәл кейінірек мен құраманы жаттықтырсам деген ниетім бар. Бірақ ондай мүмкіндік туа қояр ма екен. Дәл қазіргі сәтте мен бапкерлік мансапты тоқтату туралы ойлап та жүрген жоқпын», — дейді Моуринью Marca басылымына бірген сұхбатында.