«Манчестер Юнайтед» Сульшерді бас бапкер етіп бекітті

«Манчестер Юнайтед» команданың уақытша бас бапкері болып келген Уле-Гуннар Сульшермен үш жэылдық келісім-шарт жасасқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, норвегиялық маман команданы өткен жылдың желтоқсан айында Жозе Моуриньоның қолынан қабылдаған болатын. «Мольдемен» алғышартты келісім бойынша ол маусым соңына дейін ағылшындық клубпен жұмыс жасауы керек еді.

 Сульшердің қол астында «Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатында 13 матч өткізіп, 10 жеңіске қол жеткізді. Екі рет тең ойнап, бір рет қана жеңіліске ұшырады. Бұдан басқа команда Чемпиондар Лигасында ПСЖ-ны турнирден шығарып, ширекфиналға қадам басты.