Макгрегор: Хабиб — қауыпті қарсылас. Бірақ екеуіміздің арамыздағы тарих әлі біткен жоқ

Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің чемпионы Конор Макгрегор ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовті қауыпті қарсылас деп бағалады және оның жұмысына сыймен қарайтындығын жеткізді. Сондай ақ ирландиялық, Хабибпен арасындағы тарихтың әлі бітпегенін жариялады.

«Хабиб — қауыпті қарсылас. Ол бала кезінен аюлармен күресіп өскен. Сондай-ақ, аяқта тұрып төбелесуге де дайындық үшін көп уақытын арнады. Демек, маған оны менсінбеуге жол бермеу керек еді. Бірақ ол бұл компонентте мен күткеннен де өткірірек қимылдады. Мен оны сыйлауым керек. Сол кездесу оның жұлдызды шағы болды. Бірақ, мұндайды бір рет істеу оңай. Өйткені бір рет жақсылап беріліп төбелесті. Ал жылдан жылға мұндайды қайталау қиынның-қиыны. Мотивация жоғалады. Менің басымнан өткені де осы болды. Мен оған сыймен қарамадым. Алға ұмтылдым. Ал ол мені өте жойқын соққымен қарсы алды. Бірақ мен бәрібір өзіме сенімдімін. Тамаша бабыма келдім, төбелеске құмарым артты. Демек, тағы да мұны жалғастыруға болады.

Нурмагомедовпен есе қайтару туралы сұраққа келер болсам, біржақты шешім болмаған жағдайда қарымта кездесу ұйымдастырылу керек. Ал бізде ондай алауыздық бар. Өйткені мен оның бауырын ұрдым ғой. Яғни, бұл соңы емес. Тағы бір кездесу орын алуы керек», — дейді ирландиялық. BJPenn.