Роджер Федерер: Мен үшін үлгі тұтарлық тұлға болу маңызды

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер ойыншылардың келесі ұрпағына үлкен баға берді. Оның ойынша Рафаэль Надаль,  Новак Джокович және ол мансаптарын аяқтағанда теннис ешқандай тоқырауға тап болмайды дейді.

 «Маңымда бір топ мықты теннисшілер ойнап, солардың арқасында өзімді жетілдіріп, менің жолым болды. Менің кезеңімдегі теннисшілер бұл спортты жаңа деңгейге көтерді деп үміттенемін. Өйткені біз жаңа стадиондарды, күннен күнге көбірек сатылып жатқан билеттерді байқап жатырмыз.

Біз әлеуметтік желі болмаған, мүлде басқа өмірде ойнап бастадық. Ал жанкүйерлер тек мықтылардың ойындарын көруге асығатын. Енді үздіктер кеткенде ойын қалай дами бастайтынын байқау қызық болып тұр. Теннис әркезде супержұлдыздарды тудыра алады. Оның тарихы терең. Демек, мен еш алаңдамаймын.

Бірақ мен үшін маңызды нәрсе, өскелең ұрпаққа, үлгі тұтар тұлға болып қала беру. Олардың: «Роджерге, Рафаға, Новакқаболмаса Стэнге қараңыздаршы. Олар қалай керемет ойнайды! Бұл керемет!»  деп айтуы мен үшін маңызды», — дейді Федерер Tennis World USA сайтына берген сұхбатында.