Юрген Клопп: Гвардиоланы қалай сыйламаймын? Оның командасының футболы маған ұнайды

«Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп «Манчестер Сити» тәлімгері Хосеп Гвардиолаға деген көзқарасын айтып берді. Қазір бұл екі маманның командалары Премьер-лиганың бас жүлдесіне таласуда.

«Гвардиоланы қалай сыйламаймын? Маған оның командасының футболы ұнайды. Ол туралы жақсы сөз айтуда тұрған ешнәрсе жоқ. Ол менің бауырым да емес. Бірақ ол маған ұнайды. Біз дәл қазір бұл туралы емес, алаңдағы командаларымыздың чемпиондыққа таласып жатқаны туралы айтуымыз керек.

Мен, сэр Алекс Фергюсон немесе Арсен Венгер емеспін. Олар қандай қарым-қатынаста болғанын білмеймін. Рафаэль Бенитес пен Жозе Моуринью арасындағы қандай да бір кикілжің туралы емес, олардың командалары туралы жақсы білемін. Мұндай ойындарға мен дайын емеспін. Өйткені ол маған қызық емес.

Маусым басталғанға дейін «Ливерпуль» дәл қазіргідей жағдайда болады деп ешкім ойламады. Біз бұл туралы жәй ғана армандап жүретінбіз. Енді міне, чемпиондық үшін таласып жатырмыз. Бізде мүмкіндік бар», — дейді Liverpool Echo, Юргенн Клоппқа сілтеме жасап.