Крис Пол ҰБҚ тарихында 9 мың пас берген сегізінші ойыншы атанды

«Хьюстон Рокетс» ойын ұйымдастырушысы Крис Пол, қалыпты чемпионатта «Голден Стэйт Уорриорзға» қарсы матчта 17 нәтижелі пас шығарды. Және мұндай пастарының жалпы санын 9006 (әр матчта орта есеппен 9,7) жеткізді. Осылайша ол, 9 мың пас межесіне жеткен сегізінші баскетболшы атанды.

Пол дәл қазір өнер көрсетіп жүргендер арасынан мұндайға қол жеткізген жалғыз ойыншы. Ертеректе бұл жетістікке  Айзе Томас (9061 пас), Оскар Робертсон (9887), Мэджик Джонсон (10 141), Марк Джексон (10 334), Стив Нэш (10 335), Джейсон Кидд (12 091) және Джон Стоктон (15 806) қол жеткізді.

Кездесу «Хьюстонның» 118:112 жеңісімен аяқталды.