«Ливерпуль» шабуылшысы Маненің үйін Чемпиондар Лигасының матчтары барысында екінші рет тонап кетті

«Ливерпуль» шабуылшысы Садио Маненің үйіне ұрылар түсіп, тонап кетті. Бұл оқиға «Ливерпуль» — «Бавария» (0:0) матчы өтіп жатқанда орын алды деп хабарлайдыThe Liverpool Echo.

Ақпарат көзіне сенсек, бір топ ұры ойыншының Аллертондағы үйін бұзып кіргенҚылмыскерлер, ұялы телефондар, қол сағаттарын және көліктің кілтін ұрлаған. Ұрлық сол күні жергілікті уақытпен 18:00 мен 23:45 арасында орын алды.

Полицейлер ұрыларды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеушілер куәгерлерден түсініктеме алып та үлгеріпті.

Бір қызығы Маненің үйіне ұрылар екінші рет түсіп отыр. Алғаш рет 2017-жылдың 1-қарашасы күні  орын алған еді. Тура сол күні«Ливерпуля» Чемпиондар Лигасында «Марибормен» кездесу өткізген. Сол күнгі кешет Деян Ловреннің де пәтерінде ұрлық жасалған еді.