EA Sports FIFA 19 бетінен Криштиану Роналдудың бейнесін алып тастады. Енді ол жерде Неймар мен Дибала тұрады

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду енді FIFA 19-дың бастапқы бетінде болмайды. EA Sports португалдықтың бейнесін барлық ресурстарынан алып тастады.

Роналдудың бейнесі жүктелу экранында да жоқ. Енді ол жерде «Манчестер Сити» жартылайқорғаушысы  Кевин Де Брейне мен «ПСЖ» шабуылшысы Неймар, сондай ақ «Ювентуса» шабуылшысы Пауло Дибала тұр.

Басты менюде португалдықтың орнын АҚШ әйелдер құрамасының жұлдызы Алекс Морганның бейнесі әрленіп тұр. EA Sports өз шешіміне еш түсініктеме бермеді.

2018-жылдың қазан айында Лас-Вегас полициясы американдық азаматша Кэтрин Майорганы зорлау бойынша істі қайта қозғаған болатын.Криштиану Роналду бұл ретте күдіктілер қатарында. Бұл оқиға сонау 2009-жылы орын алған. Зардап шеккен азаматшаның адвокатының айтуынша футболшының ісінен кем дегенде үш әйел зардап шеккен.

2019-жылдың қаңтарында Роналду Испанияның салық кодексін бұзғанын мойындады. Енді португалдық 2011-2014 жылдар аралығындағы қарызын төлеп қоймай, айыппұлды да төлемек. Қортынды сомма € 18,8 млн-ды құрады. Есесіне ол 23 айға шартты жазаға кесілді.