Дэна Уайт: Фергюсон мен Макгрегор уақытша чемпиондық белбеу үшін сынға түсуі әбден мүмкін

UFC президенті Дэна Уайт кезекті рет жеңіл салмақтағы жағдай туралы өз ойын білдірді. Естеріңізге сала кетейік бұл Хабиб Нурмагомедовтың кездесулерден аластатылуына байланысты. Мұнымен қоса ресейлік чемпион, өз жолдастары  Зубайра Тухугов пен Абубакар Нурмагомедовтердің айып мерзімі аяқталмайынша октагонға шықпайтындығын айтқан болатын.

Ұйым басшысының айтуынша мұндай жағдай оларды жеңіл салмақта уақытша чемпиондық кездесу өткізуге итермелеп жатқандығын айтты. Мұнда Тони Фергюсон мен Конор Макгрегор өзара жекпе-жек өткізуі мүмкін.

«Чемпион атақты еншілеп алып, оны ұстап тұрған сәтте басқа жігіттер күтпейді. Бұлай жасауға болмайды. Хабибтің, Тухугов айып уақыты аяқталмайынша кездесу өткізбеймін деген сөзі рас. Енді біз басқа жолдарды қарастырамыз. Мүмкін бұл уақытша чемпиондық белбеу үшін Конор Макрегормен Тони Фергюсон арасындағы кездесу болатын шығар, мүмкін басқа жекпе-жек. Жағдай қарай өрбитіндігін көре жатармыз», — дейді Уайт MMAWeekly-ге берген сұхбатында.