«Нант» Сала үшін «Кардиффтен» £ 15 млн талап етуде

«Нант» клубы «Кардифф Ситиден» Эмилиано Сала трансфері үшін £ 15 млн (шамамен € 17 млн.) талап етуде, деп хабарлайды BBC.

Ертеркте «Кардиффте» 28 жасар футболшының жоғалуы туралы тоқықанды ақпарат болмайынша франсуздарға еш қаржы төлемейтіндіктерін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Сала «Кардифф Ситиге» франсуздық «Нант» клубынан қысқы трансфер уатында ауысқан болатын. Мұнымен ол британдық клубтың ең қымбат футболшысы атанған. 21-қаңтардың кешінде шабуылшы жекменшік ұшақпен Уэльске ұшып кеткен. Алайда келу уақтына бір сағат қалғанда ұшақ радардан жоғалып кетеді. Кейінірек іздеу жұмыстары нәтижесінде, ұшақты Ла-Манш бұғазының түбінен табады. Әзірге ұшақ ішіндегі өлі денелерді жоғары көтеру мүмкін болмай тұр.