Овечкин ҰХЛ-дағы ең нәтижелі ресейлік атанды

«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкин ҰХЛ-дағы ең үздік ресейлік сұрмерген Сергей Федоровтың рекордын жаңартты.

Овечкин «Ванкувер Кэнакспен» өткен өз мұз айдыныдағы матчта нәтижелі соққымен танылды. Енді оның еншісінде 1180 (644+536) ұпай бар. Федоровта біреуге кем. Бұл ретте айта кетейік «Детройт Ред Уингздің» атақты шабуылшысы 193 матчқа артық ойнаған.

Овечкин сұрмерген жарысында да көш бастап келеді (37 гол). Өзін өкшелеушілерді  6 шайбаға артқа қалдыруда. Оны өкшелеушілер арасында Джон Таварес («Торонто Мэйпл Лифс»), Коннор Макдэвид («Эдмонтон Ойлерз»), Джефф Скиннер («Баффало Сэйбрз») және Патрик Кейн («Чикаго Блэкхоукс») бар.