Бекхэмге қарсы екі іс қозғалды. Оның клубының MLS-те өнер көрсетуі кейінге қалдырылуы мүмкін

Дэвид Бекхэмнің «Интер Майами» клубының MLS-тегі дебюты кезекті кедергілерге байланысты орын алмауы мүмкін. Англия құрамасының экс ойыншысы мен оның серкітестеріне қарсы іс қозғалды.

Бірінші іс футбол кешенінің құрлысына арналған жер теліміне байланысты. Бекхэм мен әріптестері қаланың 64 гектарлық шер бөлігіне құрлыс жүргізуді жоспарлаған. Алайда ертеректе бұл жұмыстар үшін 53 га жер  бөлінген екен. Осыған байланысты дау көтеріліп отыр.

Ал екінші шағым Бекхэмнің әріптестері мен лоббистеріне қатысты. Заң бойынша олардың кім екендігі анықталуы керек. Ал бүгінгі таңда кімдердің акционерлер тізіміне кіретіндігі толығымен анық емес.

«Интер» басшылары жақын арада осы сұрақтардың шешімін таппаса, онда клубтың  MLS-тегі дебюты кейінге шегерілуі мүмкін.