«Ливерпуль» 2021-жылға дейін «Барселонаға» өз ойыншыларын сатып алуға тиым салды

«Ливерпуль», жартылайқорғаушы Фелиппе Коутиньоны «Барселонаға» сатқаннан кейін, каталондықтармен құпия келісім шарт жасасқан көрінеді. Бұл келісім шарттың мазмұны бойынша үш жылдың көлемінде испандық клуб, мерсисайдттық команданың ойыншыларын сатып ала алмайды. 

Коутиньо каталондықтар сапына 2017-жылы ақ ауысқысы келген. Алайда  «Ливерпуль» түрлі жолдармен бразилиялықты бұл жылы қатарларында сақтап қалды. Ал биылғы жылдың қаңтар айында трансфер бәрібір орын алды. Ағылшындық клуб бұл ауысымнан  € 160 млн пайда көрді.

Бұл соммадан басқа, қызылдар жоғарыда айтылған келісімге де қол жеткізді. Ендігі жерде белгілі бір мерзімге дейін “Барса” олардың ойыншыларына көз тіге алмайды. Бұл туралы Cadena Ser басылы хабарлады.