Чилаверт: Месси дұрыс айтады, КОНМЕБОЛ футболды құртуда

Парагвай ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Хосе Луис Чилаверт Оңтүстік Америка футбол конфедерациясын айыптаған Аргентина көшбасшысы Лионель Мессиді жақтады.

«Сөзсіз, бұл Америка Кубогі Бразилияны чемпион қылу үшін ұйымдастырылды. КОНМЕБОЛ футболды құртуда. Олар неліктен Мессиді жазаламақ? Біз демократиялық әлемде өмір сүреміз. Ойыншылар бірігіп бұл турнирге байкот жасау қажет» – деді Чилаверт FOX Sports арнасына берген сұхбатында.