Copa America – 2019. Үшінші орынға талас матчы Setanta Qazaqstan арнасында

7 шілдеде Сан-Паулуда Америка кубогі – 2019 турнирінің үшінші орын иесі атану үшін кездесу өтеді. “Қола” жүлдеге Аргентина мен Чили құрамалары таласады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де. Setanta Qazaqstan матчты тікелей эфирде назарға ұсынады. 

Аргентина – Чили. Бұрынғы сценарий, төменірек белес.

Аргентина Copa America – 2019 турнирінде

Аргентина 0:2 Колумбия

Аргентина 1:1 Парагвай

Қатар 0:2 Аргентина

Венесуэла 0:2 Аргентина

Бразилия 2:0 Аргентина

Аргентина үшін турнир оңайға соқпауда. Команда жанкүйерлер күткен нәтижені көрсетпеуде. Сөйте тұра, топтық кезеңде алғашқы турда есе жіберген Лионель Скалонидің шәкірттері қалған екі ойында қажетті нәтижеге ие бола алды. 1/4 финалда «Альбиселестес» Венесуэладан кедергі көрмей, финалға бір табан жақындады. Алайда ақтық ойынға Мессидің командасын турнир қожайындары өткізбеді.

Чили Copa America – 2019 турнирінде

Жапония 0:4 Чили

Эквадор 1:2 Чили

Чили 0:1 Уругвай

Колумбия 0:0 Чили

Чили 0:3 Перу

Рейнальдо Руэда шәкірттері топтық кезеңде Жапония мен Эквадорды қапы қалдырып, аса қажет емес кездесуде Уругвайға жол берді. Сөйтіп, плей-оффтың бірінші матчында күтпеген жерден Колумбиядан мықтырақ өнер көрсетті. Бірақ Перуға қарсы маңызды ойында ойсырата жеңілді.

Енді”Ла Роха” Аргентинамен үшінші орын үшін таласады. Кездесудің комментаторлары Есбол Қарағұл мен Әйбек Алдабергенов.