Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье қыркүйектің 7-сі күні күш сынасады

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов және дәл осы дивизиондағы уақытша титул иесі Дастин Порье өзара жекпе-жектерін 7-ші қыркүйек күні өткізетіндігін промоушеннің «Твиттер» желісіндегі парақшасында хабарлады. Кездесу Абу-Дабиде өтетін UFC 242 шоуының орталық кешіне баланбақ.

Нурмагомедовтың Порьемен жекпе-жегі туралы бірнеше мәрте хабарланды. Бірақ қазір кездесу ресми түрде расталып, қос тарап келісімшартқа қол қойды.

Нурмагомедов 2018 жылдың қазанынан бері октагонға шықпады. Сол кезде қос салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион Конор Макгрегорды мерзіменен бұрын тізерлеткен еді. Порьеге тоқталар болсақ, соңғы жекпе-жегін осы жылдың сәуірінде өткізген. Төрешілердің шешімі бойынша, жартылай жеңіл салмақтағы Макс Холлоуэйды жеңген болатын.