«Ливерпуль» – 2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы

Маусымның бірінші жұлдызында Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионында 2018-2019 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өтті.

Мұнда қос бірдей ағылшын клубтары «Тоттенхэм» мен «Ливерпульдің» жолдары түйісті.

Матчта Юрген Клопп шәкірттері жауапсыз қос доп айырмасымен жеңіске жетті. Есеп ойынның 2-ші минутында ашылып, Мохамед Салах пенальтиден мүлт кетпеді. Лондондықтардың қақпасына екінші голды 87-ші минутта Дивок Ориги тоғытты.

Осылайша, «Ливерпуль» өз тарихында Кәрі Құрлықтың теңдессіз додасын алтыншы мәрте бағындырды. Мерсисайдтықтардан бұл көрсеткіште тек мадридтік «Реал» (13 жеңіс) және «Милан» (7 жеңіс) ғана алда тұр.

«Ливерпуль» – 2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы – Setanta Qazaqstan