«Челси» – Еуропа Лигасы 2018/19 жылғы маусымының жеңімпазы

Лондондық «Челси» Кәрі Құрлықтың екінші деңгейлі клубтық турнирі саналатын сайыстың финалдық кезеңінде «Арсеналмен» жолығып, Бакуде өткен матчта жеңіске жетті.

Матч 4:1 есебімен Маурицио Сарри шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Көктер сапында гол соққандар: Оливье Жиру, Педро және дубль жасаған Эден Азар. «Зеңбірекшілер» Алекс Ивобидың жалғыз голымен ғана жауап қатты.

«Челси» осылайша, өз тарихында екінші мәрте Еуропа Лигасының жеңімпаздары атанды. Осыған дейін, лондондықтар 2012-2013 жылғы маусымда «Амстердам-Аренада» «Бенфикадан» басым түскен болатын.