«Ливерпуль» маусым үшін АПЛ-дан 152 млн £ алмақ, ал «Манчестер Сити» — 150 млн £

Ағылшын Премьер-лигасы өткен маусым қорытындысы бойынша, АПЛ клубтарына бөлінетін қаржы мөлшерін жариялады.

Мұндағы ең табысты ұжым – «Ливерпуль», 2018-2019 жылғы маусым үшін олар 152,4 млн £ қаржы иемденбек. Екінші сатыда 150,9 млн £ табыс тапқан «Манчестер Сити».

Сондай-ақ, АПЛ-да табысты атанғандардың үздік бестігіне «Челси» (146 млн £), «Тоттенхэм Хотспур» (145,2 млн £) және «Манчестер Юнайтед» (142,5 млн £) клубтары енді.

Ал, ең аз қаражат турнирлік кестені түйіндеген «Хаддерсфильдке» тиесілі. Еншілерінде 96,6 млн £ бар.

Айта кетейік, ағылшын телекөрсетілімдері тікелей эфирде көбінесе «Ливерпуль» матчтарын көрсеткен. Жалпы саны – 29. Екінші сатыда «Манчестер Юнайтед» (27 матч) орналасса, одан кейінгі орындарда «Манчестер Сити» және «Тоттенхэм» (екеуінде де 26).