«Манчестер Сити» еурокубоктерден шеттетілуі мүмкін

УЕФА-ның қаржылық бақылау жөніндегі тергеу палатасы фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін «Ман Ситиді» еурокубоктарға қатысудан шеттетуі мүмкін, деп хабарлайды New York Times.

Дереккөздің ақпаратынша, тергеу палатасының басшысы бір маусымға клубты жарысқа қатыстырмауды талап етуге ниетті. Ағылшын чемпионы 2014 жылы қаржылық фэйр-плей ережелері бұзылуы туралы өткен іс кезінде көрінеу жалған ақпарат берді деп айыпталуда.

Белгілі болғандай, «қалалықтар» барлық айыптауларды жоққа шығарды.