Юрген Клопп: Бұл – мансабымдағы үздік маусым

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Ағылшын Премьер-Лигасындағы чемпиондыққа таласы жайлы баяндады.

«Өткенге қайта оралып, кейбір жайттарды өзгертсем деп көп айтуға болады. Бірақ, олай емес. Бұдан асып өнер көрсете алмаймыз. Кейде «Манчестер Ситидің» жолы болды, кейде бізге сәттілік серік келді. Мақсатымыз – соңына дейін күресу еді. Біз күрестік те. Алайда, қарсылас «Ман Сити» болғанда бар күш салудың өзі де жеткіліксіз.

Ал егер былтырмен салыстырсақ, талай белес бағынды. Біз ешқандай маңызды трансфер жасамадық. Тек Алиссонды негізгі құрамға қостық. Иә, қақпашының әсері көп тигенін жасырудың қажеті шамалы.

Бұл – ерекше маусым. Тіпті «Боруссиямен» алған чемпиондығымнан да асып түсті. Біз 97 ұпай жинауды қаладық. Өкінішке орай, ол жеткілікті болмады» – деді Клопп.