2022-жылғы Әлем чемпионатының кейбір матчтары Оман мен Кувейтте өтуі мүмкін

ФИФА 2022-жылғы әлем чемпионатының кейбір матчтарын Оман мен Кувейт мемлекеттерінде өткізу жолдарын қарастыруда.

Сәл ертеректе бұл мемлекеттер Катарға әлем чемпионатын өткізуге көмектесетіндіктерін айтқан болатын. 2022-жылғы әлем чемпионаты 32 емес, 48 команда қатысатын алғашқы жарыс болуы мүмкін. Ал турнирдің кеңеюі  кейбір матчтарды басқа мемлекеттерде өткізу мәжбүрлігін туындатуда. ФИФА дәл қазіргі сәтте аталмыш мемлекеттермен жабық келіссөздер жүргізіп жатқандығы белгілі. Ұйым президенті  Джанни Инфантино жақында ғана Оман мен Кувейтке барып қайтты.

Бұдан бұрын ФИФА әлем чемпионатындағы командалар санын 2026-жылы көбейтеміз деген болатын. Бұл әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексика мемлекеттері бірігіп өткізетін болады.