«Манчестер Юнайтед» Моуриньоның жұмыстан кеткендігін жариялады

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметімен қош айтысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты жариялады. 

«Клуб Жозенің«Манчестер Юнайтедте» қызмет істеген уақыттары үшін рахмет айтады және болашақтағы істеріне табыс тілейді. Жақын уақытта маусым соңына дейін команданы жаттықтыратын уақытша маманның есімі жарияланады. Ал бұл аралықта клуб жаңа бапкер іздестіруді бастамақ», — дейді «Юнайтедтің» ресми сайты.

Португалдық маманның қол астындағы соңғы матчта МЮ 1:3 есебімен «Ливерпульден» ұтылып қалды. дәл қазіргі сәтте  «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінде 26 ұпаймен 6-сатыда келеді.

Моуриньо МЮ-ді 2016-жылдың жазында қолына алған болатын. 2,5 жылдың ішінде бұл маманмен команда үш жүлде ұтып алды. Ертеректе Жозе  «Порту», «Челси», «Интер» және мадридтің «Реалымен» жұмыс жасаған болатын.