«Лос-Анджелес Гэлакси» с командасынң швед шабуылшысы 2018 жылдың ең үздік жаңа ойыншысы атанды. Бұл туралы калифорниялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Сәл ертеректе 37-жасар швециялық футболшы, «Ди-Си Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Рунимен бірге 2018-жылғы маусымның символикалық құрамына да алынған болатын. .
Ибрагимович «Манчестер Юнайтедтен» «Лос-Анджелес Гэлаксиге» осы жылдың наурыз айында ауысып барды. Содан бері ол калифорниялық клуб үшін 27 ойын өткізіп, 22 гол соғыпты. Мұнымен қоса, 6 нәтижелі пас та шығарған. Ибрагимович өз мансабы барысында «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, және басқа да клубтардың намысын қорғады.

