Setanta Qazaqstan Ағылшын Премьер-Лигасының жаңа маусымын күту уақытын азайтады. Шілденің 17-сі мен 20-сы күндері тікелей эфирде Премьер-Лига Азия Трофи матчтарын тамашалаңыздар!
“Манчестер Сити”, “Вест Хэм Юнайтед”, “Ньюкасл” және баршамызды өткен маусымда тәнті еткен “Вулверхэмптон” Шанхай алаңдарында АПЛ-ға дайындықтарын пысықтайды. Премьер-Лига аясында жоспарланған маусымаралық турнирде кім жеңіске жетеді? Бірге куә болайық.
17 шілде, сәрсенбі. Олимпияда орталығы (Нанкин, Қытай)
15:50. “Вулверхэмптон” – “Ньюкасл Юнайтед”. Комментаторлар: Есей Жеңісұлы, Евгений Акманов.
18:20. “Манчестер Сити” – “Вест Хэм Юнайтед”. Комментаторлар: Ержан Көшкінбаев, Петр Воликов.

