Уимболдон турнирінде екінші нөмірмен «еленгендер» тізімінде болған швейцариялық Роджер Федерер Маттео Берреттиниды 6:1, 6:2, 6:2 есебімен тізерлетіп, ширек финалға жолдама алды.
37 жастағы Базель тумасы үшін бұл жеңіс «Үлкен дулыға» көгалды турниріндегі 99-шысы атанды.
Осылайша, Роджер бір ғана мэйджордағы ұтыс бойынша, жекелей сынның матчтар саны көрсеткішінде бірінші сатыға шықты. Федерер Аустралия Ашық біріншілігінде 98 жеңіске қол жеткізген Джимми Коннорсты басып озды. Сондай-ақ, үшінші орын да швейцариялықтың еншісінде. Australian Open-дегі 97 жеңісі үздік үштікті түйіндеуіне себеп.
1. Роджер Федерер — 99 жеңіс (Уимблдон).
2. Джимми Коннорс — 98 (US Open).
3. Роджер Федерер — 97 (Australian Open).
4. Рафаэль Надаль — 93 («Ролан Гаррос»).

