Рашфорд: «МЮ» үшін өз шыңы қайда болуы тиіс, соған оралтуға барымды саламын»

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рашфорд манчестерліктермен келісімшартының ұзартылуы жайында пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы ағылшын футболшысымен жаңа шартнама 2023 жылдың маусымына дейін жасалды. Оған қоса, тағы бір жылға ұзартылу мүмкіндігі сақтаулы.

«Манчестер Юнайтедке» жеті жасымнан бастап келгелі бері, бұл ұжым мен үшін біраз нәрсені білдіреді. Мені ойыншы ретінде, тұлға ретінде қалыптастырды. Осы клубтың жейдесін кию, мен үшін айрықша құқық.

Бас бапкер мен клуб қызметкерлеріне маған жасағандары үшін алғысымды білдіргім келеді. «Манчестер Юнайтедтегі» бапкерлік құрам ойдағыдай. Мұнда әрдайым жаңа нәрселерді үйрететін мамандар жұмыс істейді. Дами түсуімді жалғастырып, жаңа деңгейге көтерілемін деген үміттемін. «Манчестер Юнайтедты» дәл қазір орналасуы тиіс жоғарғы орынға қайта оралту үшін және жанкүйерлер еңбек сіңірген жетістікті бағындыру үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын», – дейді Рашфорд «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтында.