«Астанаың» тағдыры Реннде шешіледі

УЕФА Еуропа Лигасы Футбол

Қарашаның 29-нан 30-ына қараған түні УЕФА Еуропа Лигасында топтық кезеңнің бесінші тур ойындары мәресіне жетті. 

Бұл күні қазақстандық жанкүйерлердің назары Елордада жергілікті команданың  киевтің «Динамосына» қарсы өткен матчында болды. Григорий Бабаян шәкірттері кездесу барысында басымдыққа да, допқа иелік етуде де басымдық танытқанымен 0:1 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңістің арқасында киевтіктер плей-офф жолдамасын қалталарына басты. Енді К тобындағы екінші жолдама тағдыры бір аптадан соң Францияда өтетін матчта шешіледі.  «Ренн» өз алаңында  «Астананы» қабылдамақ.

басқа нәтижелерден «Рапидтің» мәскеудің «Спартагін» ұтқандығын айта кету керек (1:2). Жеңіл үш ұпайға қонақтағы ойында «Арсенал» қол жеткізді. олар украиналық «Ворксланы» ірі есеппен жеңді (0:3). «Рейнджерс»,  «Вильярреалмен»  тең ойнаса (0:0), «Милан», «Спортинг» және «Челсилер» де ірі есеппен өз матчтарын аяқтады. Итальялықтар  «Дюделанжды» (5:2), Португалдар «Карабахты» (1:6), ал лондондықтар өз алаңында ПАОК-ты қапы қалдырды.