«Оклахома» Уэстбрукты алмастыруға дайын

Баскетбол Спорт Жаңалықтары

«Оклахома-Сити Тандер» Расселл Уэстбрукты алмастыруға дайын, деп хабарлайды Yahoo.

Мұндағы ақпарат бойынша, клуб мұны бас менеджер Сэм Престимен, ойыншының өзімен және оның агентімен сөйлескеннен соң, жасауға дайын.

«Оклахома-Сити» биылғы маусымдағы плей-оффты бірінші раундтан-ақ аятаған еді. Билли Донованның командасы «Портленд Трэйл-Блэйзерске» қарсы бес матчта жеңіліс тапты. Уэстбрук 22,8 ұпай жинай алды.

Расселл «Тандер» сапында 2008 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен арадағы келісімшарты 2022-2023 жылдың соңына дейін (соңғы жыл ойыншыны сатып алу мүмкіндігіне ие). Келесі маусымнан бастап ойыншы 38,2 млн доллар табыс табуы тиіс.