«Торонто Рэпторс» – 2018/19 жылғы ҰБҚ жеңімпазы

Баскетбол

«Торонто Рэпторс» «Голден Стэйт Уорриорзды» сырт алаңда 114:110 есебімен жеңі, өз тарихында тұңғыш рет ҰБҚ чемпионы атанды.

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы ретінде «Уорриорз» қорғаушысы Клэй Томпсон танылды. Еншісінде 30 ұпай бар.

Жеңімпаздар сапында үздік атанғандар допты ойынға қосушы Кайл Лоури (26 ұпай), камерундық форвард Паскаль Сиакам (26 ұпай) және Фред Ванвлит (22 ұпай).

«Голден Стэйт» көшбасшыларының бірі Кевин Дюрант серияның бесінші ойынында алған ахилл сіңіріндегі жарақатына байланысты матчқа қатыса алмады.

Осылайша, «Торонто» серияның шешуші алтыншы матчын жеңіспен тәмамдап, 1995 жылы құрылғаннан бері ҰБҚ чемпионы деген атаққа алғаш рет қол жеткізді.