Тони Паркер мансабын аяқтағаны жайлы хабарлады

Баскетбол

«Шарлотт Хорнетс» ойын ұйымдастырушы қорғаушысы Тони Паркер кәсіби мансабын тәмамдады.

«Бұдан былай баскетбол ойнамаймын деп шешім қабылдадым. Көптеген жайттар мені осыған итермеледі. Себебі ары қарай мен өзімді Тони Паркер сияқты сезіне алмаймын. Ендігәрі баскетбол ойнауға қауқарым жоқ» – деді ол ESPN тілшілеріне.

Өткен тұрақты чемпионаттың 56 матчында Паркер орта есеппен 17,9 минутта 9,5 ұпайдан жинап тұрды.