Макгрегордың бапкері: Конор қайта оралады. Бұл ММА әлеміндегі ең басты оқиғаға айналмақ

Бокс/ММА

Ирландиялық ММА жауынгері Конор Макгрегордың бапкері Джон Кавана өзінің шәкіртінің қашан октагонға оралатындығын білмейді. Макгрегордың UFC-ге оралуы туралы көптеген сыбыстар жүргенімен, Конор әзірге кездесу өткізуге келісім-шарт жасаспаған.

«Біз Конормен арамыздағы байлагнысты қалпына келтірдік. Жаттығу жүйесін қалыптастырдық. Келесі кездесу барысында мен оның бұрышында тұрамын. Күн сайын әңгімелесіп жүрміз.

Бірақ мен оның қашан октагонға оралатындығын білмеймін. Әзірге оның қолында нақтыланған кездесудің келісім-шарты жоқ. Қазір оның басқа да шаруалары бастан асып жатыр. Бірақ мен Конордың оралатындығына сенімдімін. Оның оралуы жекпе-жек әлемінің басты оқиғасына айналады», — дейді ол. Irish Mirror.

 Макгрегор соңғы кездесуін 2018-жылдың қазан айында өткізді. Атақ үшін өткен бәсекеде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовке жол берді.