Джошуа: Усикпен жекпе-жек өткізсем, керемет болар еді

Бокс/ММА

Аса ауыр салмақтағы британиялық чемпион Энтони Джошуа украиналық Александр Усикпен жекпе-жек өткізуді қалайтынын айтты. 

«Біздің дивизион жандануда. Уайлдермен, сосын Усикпен рингте жолықсам деп жоспарлаймын. Сонда аса ауыр салмақтағы чемпион ауыр салмақтағы абсолютті чемпионмен жұдырық түйістірер еді. Бұл нағыз керемет! Егер Уайлдермен кеш орын алмаса не істермін? Мен бұл жайлы ойлаймын, себебі жекпе-жек боларына үміттенемін.

Жақын күндері АҚШ-тамын. Бірақ өз Отанымды ұмытпаспын. Күтіңіздер. Британияға оралып, барлық белбеулерімді әкелемін», — деді Джошуа Sky Sports арнасына берген сұхбатында.

Джошуының келесі қарсыласы – Джаррел Миллер. Бұл жекпе-жек Нью-Йоркте 1 маусымда өтеді.