Формул-1 жарысында 20 пилоттың 14-і шлемсіз қалулары мүмкін

Авто/Мото

Формулы-1 жарысының бірқатар пилоттары жаңа маусым қарсаңында ерекше мәселеге тап болулары мүмкін. 20 жарыс жолындағы пилоттардың 14-і 8860-2018-ABP стандартына сай келмейтін шлем жасаушылардың өнімдерін пайдаланады-дейді Motorsport Magazin. Қажетті әрі міндеттелген стандарттарға сай келмейінше Arai және Bell  компанияларының шлемдерін пайдалану Формулы-1 Гран При-де тиым салынады.

Формула-1 жарысында төрт компаниялардың щлемдері пайдаланылады. Әзірге Stilo мен Schuberth қана омологация жасап, шлемдерін қауіпсіздендірді. Омологация алу үшін, краш-тест өткізу жеткіліксіз. Мұнымен қоса, қажетті құжаттамалар бойынша бірқатар қағаздарға қол қойылуы керек. Бұл бірнеше аптаға созылады. Бейресми ақпарт көздеріне сенсек, Arai тез арада бұл істерді аяқтауға тырысуда. Ал Bell команиясы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Бұл компанияның шлемдерін Льюис Хэмилтон бастаған 10 пилот киіп жүр. Ал Arai клиенттерінің арасында Себастьян Феттель бар.

Қысқы тесттің жарыстарға өткен жылғы шлемдерді пайдалануға болатын болса, Австралия Гран-приінде олар қажет емес болып қалады. Бұл ретте Stilo мен Schuberth, бәсекелестері қажетті шлемдерді дайындап үлгермейтін болса,бізде артық бас қорғағыштар жоқ деп отыр.