Салах екінші жыл қатарынан Африканың үздік футболшысы атанды

Ағылшын Премьер-лигасы Футбол

2018-жылғы африканың ең үздік футболшысы болып  «Ливерпуль» жартылайқорғаушысы Мохамед Салах атанды. Бұл туралы Африка футбол конфедерациясының ресми «твиттер» парақшасы жариялады. 

Салах Дакарда өткен салтанатты кеште марапатталды.

Бұл ретте Салах өзінің командаласы, сенегалдық Садио Мане мен лондондық «Арсенал» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгтың алдын орады.

Салах осымен екінші жыл қатарынан үздік атанып отыр. Ал Мане мен Обамеянг өткен жылы да үздік үштіктен табылған болатын.

26-жасар Салах 2018-жылы 36 матчта 32 гол соғып, Ағылшын премьер-лигасының үздік сұрмергені атанған болатын. Ал биылғы маусымда ол 13 гол соғып, сұрмергендер тізімінде үшінші орында келе жатыр.