Шарапова: 2019 жылды жарақатсыз өткізіп, көптеген матчтарға қатыссам деймін

Теннис

Ресейлік Мария Шарапова жаңа маусымды жарақатсыз өткізсем деп армандайды. 

«Өткен жылы мен бірнеше жарақаттар алып, көптеген жарыстарға қатыса алмадым. Тек 11 турнирге қатыстым. Бұл әрине жеткіліксіз. Ал бұл жолы барынша көптген жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмы», —  дейді ол.

Сондай ақ «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы спорттағы ұрпақ алмасуы туралы да пікірін білдірді.

«Әрқашан келіп сенің орныңды басатын ұрпақ болады. Бұл өзіндік эволюция. Бұл тек спортқа тән емес, жалпы өмірде де солай. Менің ойымша бұл тамаша. өйткені сен көп жылдар тер төге өнер көрсетесің. Сосын сенің өнеріңнен қанаттанған жастар да шеберлік танытып, орныңды басады», — дейді 31-жасар теннисші.